ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

САЯЖАЙДАҒЫ ЖАНЖАЛ

19:28, 2 шілде 2019

Павлодарда жеке күзет қызметкері қала тұрғынына дене жарақатын келтірген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам таныстарымен саяжай маңына келген. Бақылау пунктінің қызметкері олардың саяжай аумағына өтулеріне тыйым салғанда, азаматтардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Жеке күзет қызметкері өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жай әлі анықталуда.

Жанар Билялова, Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

Павлодар қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық ауруханалардың біріне  жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының зақымдануы диагнозымен 35 жасар павлодарлық ауруханаға жеткізілген. Саяжай иесі досының қонаққа келе жатқанын айтқан. Алайда, күзет қызметкері оларды саяжайға кіргізбеген. Нәтижесінде жанжал туындап, соңы дауға ұласқан. Бүгінде күзет қызметкеріне сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал, жәбірленуші аураханада ем алуда.

Бақытнұр ШЕРІКБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...