ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

САПАРЖАЙДАҒЫ СЕРГЕЛДЕҢ

12:43, 7 қараша 2019

Осыдан 10 күн бұрын республикалық бағытта жолаушы тасымалдайтын екі мекеме өкілдері бет жыртысқан болатын. Павлодар сапаржайынан Қарағандыға жол тартқан автобусқа осы бағытта жүретін өзге компанияның автобусы жолын жауып бөгет болған. Салдарынан жолаушылар діттеген жеріне 1 сағаттан астам уақытқа кешігіп барды. Онымен қоса автовокзал маныңда көлік кептелісі пайда болып, трамвайлардың да қозғалысына кедергі келді.

27 қазан күні сапаржайдың аумағында «Балтабаев» жеке кәсіпкерге тиесілі автобус Қарағандыға аттанған жолаушылар көлігінің жолына тұрып алған. Бейнематериалда тасымалдаушылардың бірі екіншісінің жолын кесіп, соңы үлкен көлік кептелісіне ұласып, дауға айналды. Ал, автобустың ішінде болған 31 жолаушы баратын жеріне кешікті. Осы оқиғадан кейін тәртіп сақшылары қадағалау жұмыстарын мықтап қолға алған сыңайлы.

Ботанай Салмақова, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы орынбасарының м.а.:

Тұрғындардан да жиі өтініш түседі. Тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ал нәтижесі бойынша әзірге жауап бере алмаймын. 

Бұл жағдайда жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы функцияларын атқаратын мемлекеттік орган, «Балтабаев» жеке кәсіпорын жағына шығатыны түсінікті. Бұған себеп...

Денис Князькин, «Балтабаев» ЖК директорының орынбасары:

Басқармамен шарт 5 жылға жасалды. Біз бір жыл ғана жұмыс атқарып келеміз. Тендерді ұтып алғанымызбен, осындай мәселе бір жыл көлемінде жалғасуда. Алдымызда әлі төрт жыл бар. Осы уақытта «Автовокзалсервис» ЖШС-не байланысты көліктік бақылау инспекциясына бірнеше рет хат жаздық. Мәселені шешіп берулерін сұрадық. Олар бізге біз ештене көрмедік, естімедік деп жауап берді.

Алайда, билік «заңсыз бәсекелес» деп атаған компания өздерінің барлық іс-әрекеттерінің заңды екеніне сенімді. Ол туралы мекеменің заңгері телефон арқылы мынадай түсініктеме берді.  

Елена Федорец, «Автовокзалсервис» жшс заңгері:

Біз Қарағандыдағы №3 cапаржаймен келісімшартқа отырғанбыз. Сол күні рейсқа 20 жыл еңбек өтілімі бар автобус жолаушыларға қызмет көрсетті. Барлығы заңға сәйкес жүзеге асырылды. Сонымен қатар, №3 сапаржайының кезігі болған кезде, біз жолаушыларға билет сатып, «ИНТЕРBUS» автобусын жолға шығардық. Ал «Балтабаев» ЖК біздің сапаржаймен еш келісімшарт жасаспады. Көліктік бақылау инспекциясының «ИНТЕРBUS» заңды тасымалдауышы емес дегені миға қонымсыз.

Сонымен қатар, жауапты мемлекет орган өкілдері жергілікті тасымалдаушыға тендерді ұтып алуға еш кедергі жоқ екенін алға тартты. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары дереу оқиға орнына жетіп, дауға  араласқан. Басқарма басшысының орынбасары өзі жолаушыларды «ресми» автобусқа ауысуға көндіргенін айтады. Ол бұны әкімшіліктің бұйрығымен жасағанын мойындап отыр.

Диана Мұханова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Бақылау нәтижесінде «ПавлодарИнтерBUS» ЖШС-не тиесілі автобус қызмет көрсетуге құжатсыз жіберілгені анықталып, әкімшілік іс қозғалды. Біз үшін ең бастысы – жолаушылардың қауіпсіздігі.

Осы оқиғадан кейін жолды жауып тастаған компанияның жүргізушісіне де әкімшілік хаттама толтырылған. Ал, көлік айыптұрағына қойылды. Жауапты орган енді тасымалдаушылардың текетіресінен жолаушылар зардап шекпейді деп сендіріп отыр.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...