ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТАПТЫ

19:42, 29 шілде 2019

Павлодарда полиция қызметкерлері 2 келі есірткіні тәркіледі. Облыс орталығы аулаларының бірінде 57 жастағы тұрғын ұсталды. Одан 27 полиэтилен орамасы бар есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірі маңында 19-23 жас аралығындағы үш павлодарлық қолға түсті. Олардан есірткіге ұқсас иісі бар пакеттер табылған. Сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Жанна Біләлова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының полицейлері есірткі сатудың 8 фактісін анықтады. Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың 3 жағдайы орын алды. Есірткі қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан аумағында, оның ішінде Павлодар облысында «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Павлодар полицейлері облыс орталығындағы пәтерлердің бірінен 57 жастағы тұрғыннан 2 кг жуық есірткі, гашиш есірткісін тапты.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар