ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

Павлодарда су басу қаупі бар 57 елдімекен бақылауға алынды

14:34, 14 наурыз 2018

Биыл Павлодар облысы бойынша қар мөлшері жылдағыдан әлдеқайда төмен. Мамандар, былтырғыға қарағанда биыл қар 30 процентке аз жауғандығын айтады. Әсіресе Баянауыл сияқты таулы жерге қардың аз түсуі көктемгі су тасқынының қаупін сейілтуде. Алайда, арқаны кеңге салуға әлі ерте екен. Шығыс Қазақстанда болған жағдайдан соң павлодарлық төтенше жағдай қызметкерлері көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына серпін берді.

Төтеншеліктердің айтуынша, Павлодар облысында қар қалыңдығының деңгейі қысқы уақытпен салыстырғанда қазір 10 процентке азайған. Өткен жылғымен салыстырғанда 30 процентке төмен. Алайда, қауіптің қайдан келерін болжау қиын. Сондықтан, мамандар күн сайын сараптау жүмыстарын өткізудеміз дейді. Өйткені, қазіргі уақытта жер тоңының қалыңдығы бір, бір жарым метр шамасында. Егер күн күрт жылыса қарғын су жерге сіңе алмай арты топанға айналуы мүмкін.

САМАТ АСАИНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары

Қазіргі уақытта облыста көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары өз ретімен жүріп жатыр. Ақпан айынының жиырмасынан бастап тасқынға қарсы айлық жоспар құрылды. Қазіргі уақытта барлық қалалар мен аудандардың коммуналдық қызметкерлері көшелердегі қарды тазалауда. Осы уақытта дейін 410 мың тонна қар сыртқа шығарылды.

Өткен жылы су тасқыны қаупі төнген 57 елдімекен айрықша бақылауға алынған. Олардың 41-і шұңқыр жерде орналасқан ауылдар. Яғни, қар күрт еріген жағдайда бірден су астында қалу қаупі бар елдімекендер санатында. Бұдан бөлек, 42 автожол аумағы мен 1 темір жол бағыты бақылауға алыныпты. Төтеншеліктер ауа райына байланысты Қазгидромед мамандарымен де тығыз байланыс орнатқан.

САМАТ АСАИНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары

Газгидромед орталығының берген мәліметі бойынша, наурыз айының жиымасына дейін ауа темперетурасы күндіз минус он, он бес, ал, түнде жиырма, жиырма бес грудус шамасында болады. Демек, күннің күрт жылуы болмайды. Сондықтан, аяқ астынан су тасқыны болмайды деген ойдамыз.

Облыстағы барлық су бөгеттерінің жұмыстары да бақылауда. Баянауыл ауданына тексеру комиссиясы да барып, биыл жағдайдың тұрақты екендігін анықтаған. Сондай-ақ, мамандар «Бұқтырма» су қоймасынан да ешқандай қауіп жоқ екендігін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар