ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ 7 АДАМ СУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

13:14, 4 шілде 2018

Павлодар облысында бір күнде 2 адам суға кетіп, қаза тапты. Оның біреуі Ақсу кентінде орын алса, бірі Майқайың кентіде болған. Өкінішке қарай, екеудің біреуі 11 жасар бала екен. Қазіргі таңда марқұмдардың мүрдесі судан шығарылып, туыстарына тапсырылды. Ал бүгін Павлодарда тағы бір жайсыз оқиға тіркелді. Зеленная Роща демалыс базасының аумағындағы судан 30 жасар азаматтың мәйіті табылған. Оқиғаның жай-жапсарын тілшіміз анықтап көрді.

Қайғылы оқиға Павлодар қаласында тіркелді. Осыдан  4 күн бұрын  Зеленная Роща демалыс базасының аумағындағы өзенге шомылуға келген тұрғын  із-түссіз жоғалып кеткен. Бірақ, оны туыстары тек 1 күн өткен соң ғана, құзырлы органдарға хабарлапты. Дереу іздеуге шыққан сүңгуір жасағы марқұмды 3 күн бойы  іздеп, мәйтінін таба алмаған. Тек  бүгін ғана жедел-құтқару жасағы оның мүрдесін кездейсоқ тауыпты. Ал екінші бір оқиға Майқайың кентінде орын алды. 11 жасар ойын баласы кенттен 3 шақырымдай жердегі көлге шомылуға барған. Өкінішке қарай, үлкендердің қарауынсыз қалған бала өз бетімен ыстықта көлге түсіп, сол  қалпы суға батып кетсе керек. Күні кеше жедел-құтқару жасағы баланың денесін тауып, жақындарына табыстады. Ал тағы бір жайсыз жайт Ақсу кентінде болған. Мұндай  қайғылы оқиғалардың орын алуына тұрғындардың бейқамдығы себеп. Көпшілігі, белгіленбеген орындарға суға шомылса, ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған. Осының салдарынан жыл басынан бері 4 бала суға кетіп қаза тапса, жалпы шомылу маусымы басталғалы бері облыста 7 адам қайтыс болыпты. Мамандар тұрғындарды «тілсіз жаудан» сақ болуға шақырады.

 

Өзгеріс ҚУАНАР   

Тақырып бойынша материалдар

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН 1,5 ЖАСАР БАЛА ҚҰЛАДЫ
21:14, 19 қыркүйек 2018
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН 1,5 ЖАСАР БАЛА ҚҰЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОС БІРДЕЙ ЖАСӨСПІРІМ ТОҚҚА ТҮСІП, АЖАЛ ҚҰШТЫ
19:12, 17 қыркүйек 2018
ҚОС БІРДЕЙ ЖАСӨСПІРІМ ТОҚҚА ТҮСІП, АЖАЛ ҚҰШТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
20:05, 19 қыркүйек 2018
ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
20:24, 25 қыркүйек 2018
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...