ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ БІРІНДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

12:27, 7 наурыз 2019

Павлодарда көп қабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, 1 адам оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс белгісіз заттың тұтануынан болған.

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарылыс өртке ұласқан. Оқиғадан  3 адам зардап шекті. Қайтыс болған адамнан бөлек, сол пәтерде болған 33 жастағы ер адамның денесін күйік шалған. Тағы 2 әйел түрлі дене жарақатын алыпты. Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалыпты екенін айтты. Қазір ем қабылдап жатыр. Өрт 5-қабатты үйдің 1-қабатында болған. Құтқарушылар тұрғын үйден 60-қа тарта тұрғынды эвакуациялады.

Қанадан Ахметжанов  - облыстық жедел жәрдем станциясының  бас дәрігері

Бір адам қайтып кетті осы жерде тура. Бір адамды 50 пайыз ожогпен 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы қазіргі уақытқа қиын, бірақ бар көмек жасалып жатыр.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар