ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ІРІ КӨЛЕМДЕ ПАРА АЛҒАН ШЕНЕУНІК ҰСТАЛДЫ

20:03, 25 ақпан 2019

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің міндетін атқарып келген Қуат Белгібаев, ірі көлемді парамен ұсталды.

Шенеунік банкротқа батудың аз-ақ алдында тұрған бір кәсіпорынның мәселесін шешіп беру үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен. Кеше ол соттың санкциясымен екі айға қамалды. Арам ниетпен пайда таппақ болған шенеуніктің жолын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары кесті. Ол ақшаны алып жатқан жерден қолға түскен. Сонымен қатар, Белгібаевтың қол астында істейтін бөлім басшысы Мұрат Жанғазин де күдікке ілікті. Қазір қылмыстық кодекстің 366 бабының 3-тармағының 1,2 бөлімдері бойынша іс қозғалып, сот санкциясымен Белгібаев екі айға уақытша қамауға алынды. Ал, Жанғазин екі ай үй қамақта болады.

Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің маманы

Павлодар қаласыныПавлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотымен Павлодар облысы прокуратурасымен қолдау тапқан қылмыстық қудалау органының өтінішхаты бойынша Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Белгібаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау сонымен қатарПавлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысы Жанғазинға қатысты 2 ай мерзімге үй қамаққа алу санкцияланды.        

Қуат Белгібаев өткен жылдың қыркүйек айынан бері мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісінің міндетін атқарып келген. Салық органының бұрынғы басшысы былтыр аса ірі көлемді парамен ұсталып, қазір тергеуде жатыр. Енді, оның жанына басшының міндетін атқарушы аттанды.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...