
Сондай-ақ, демалыс күндері облыс орталығындағы азық-түлік дүкендерінің бірінен өрт шыққан. Оқиға 9 қаңтар күні сағат 21.08-тіркеліп, мамандар оқиға орнына дереу жеткен.
5 қабатты үйге іргелес салынған дүкенде картон лапылдап жаныпты. 6 техника бірлігі мен 15 қызметкер отты ауыздықтауға қатысып, 22.08-де толықтай өрт сөндірілген. 22 адам далаға эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Теміржан Таңжанов, облыстық ТЖД басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері:
5-қабатты үйге іргелес салынған металл құрылысы, сонық ішінде картон таралары 10 ш.м. жерінде жануы болды. Гринвич дүкенінің пластикалық әйнектері, жиһаздары және оргтехника, жалпы 5 ш.м.-дей жанған.