ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ

12:47, 12 желтоқсан 2018

Облыс орталығындағы Лермонтов көшесі 94 мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау пәтердің 10 шаршы метр алаңын шарпыды.

Құтқарушылар төтенше жағдай жөніндегі хабарды таңғы сағат 4:29-да алды. Пәтер иесінің түнде ішімдік ішіп, шылым шеккені белгілі болған. Сөндірілмеген темекі тұқылының салдарынан пәтер жалын құшағына оранды.  Төтенше жағдайды алғаш болып байқаған көршілері бірден дабыл қағып, құтқарушыларға хабарласады.  

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бір бөлмелі пәтерде өрт орын алды. Өрт салдарынан үй заттары мен жиһаз өрттелді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. 40 адам эвакуацияланды./00:39+1:01/Оның ішінде 10 бала.

Төтенше оқиғаға жеке құрамнан 14 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Тілсіз жау шамамен бір сағат ішінде ауыздықталды. ТЖ басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, облыс орталығында жыл басынан бері 340 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 14 адам дене жарақатын алса, 13-і азамат көз жұмған. Мамандардың дерегінше, оттың тұтануына себеп әр түрлі. Мәселен, пешті дұрыс қолданбау салдарынан 140 факті тіркелсе, 110 оқиғаға сөндірілмеген темекі шоғы себеп болған.    

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар