ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

ПАВЛОДАРДА 4 БАЛА УЛЫ ГАЗБЕН УЛАНДЫ

20:16, 28 қазан 2019

Тұрғын үй секторының тұрғындары үшін жылыту маусымы кезінде жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп туғызады. Ал пешті қолдану ережелерін бұзу тұншықтырғыш газдан улану сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл көбінесе пешті дұрыс қолданбаудан болады. Радиозавод ықшам ауданында дәл осындай оқиға орын алды. Адам шығыны жоқ.

Радиозавод мөлтек ауданың тұрғыны дәл осындай жағдай боларын білмеген. Тыныш ұйқыға кетіп, таңертен өздерін мүлдем жаман хәлде сезінген. Кейін келе, ыс тигендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта бір үйдің төрт бірдей баласы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

Тілекжан Галямов,  төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

Балалар ауруханасынан ақпарат түсті. Радиозавод мүлтек ауданынан 4 жасөспірім улы газбен уланды деген диагнозбен жедел жатқызылды. Жасөспірімдер 2010, 2015,2017,2019 жылғы туылған балалар.

Уланудың себебі, негізінен, жылыту пешінің ақауы болып табылады. Жылыту маусымының басталуына орай, құтқарушылар улы газ өте қауіпті және тез әрі білінбей  әрекет етеді, сондықтан абай болған дұрыс.

Малика Ахметова, тілші:

Кеше дәл осы үйде балалар улы газбен уланды. Қазір балалардың жағдайы дәрігердің қарауында.

Ирина Орсагош, облыстық балалар ауруханасы басшысының міндетін атқарушы:

Балалар бірден ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмек көрсетілді. Кислродттық терапия жасалды. Асқынбау үшін терапия жүргізілді Балалардың жағдайы қазір жақсы.

Адам ағзасына түскен тұншықтырғыш газ, барлық тыныс жүйесін әлсірітеді. Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету өте қиын. Осыған байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары азаматтарды өзіне және жақындарына сақ болуына шақырады.

 

Малика АХМЕТОВА

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...