ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

Павлодар қаласында өрт оқиғасы орын алды

14:59, 28 шілде 2017

13 маусым күні Павлодар қаласы Торайғыров көшесінің 72-үйі өртке оранған еді. Сол бір қатерге толы түн тұрғындардың әлі күнге дейін есінде. Қуанышқа орай, оқыс оқиға адам шығынсыз аяқталды. Енді ол үйдің тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Үлкен өрттен аман-есен қалу сирек кездеседі. Павлодар қаласы Торайғыров көшесі 72-үйінің 36 пәтері қызыл жалынға оранып, өрт сол үйдің 2,3 қабаттарына дейін ұласқан еді. Оқыс оқиғадан кейін өртке оранған пәтерлердің тұрғындары қайда барарларын білмей абдырап қалғаны да рас. Ақыры, қалалық «Нұр Отан» партиясына жүгінген еді.

НАИЛЯ АХМЕТОВА, «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тұрғындарға көрсетіліп отырған көмек оларға үлкен демеу болуда. Әзәрше өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Бұған қатысты тергеу жұмыстары жалғасу үстінде. Ал, тұрғындарға тұрмыстық техникалар жеткізіліп, кіре беріс пен үй терезелерін жөндеу жұмыстарына көмек көрсетілуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар