ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІҢ ОЙЛА ӨЗ БАЛАҢДЫ!

13:05, 26 қаңтар 2020

Қазіргі таңда өңірде алименттен жалтарғандарды қадағалайтын «Алимент төлеп, тыныш ұйықта» атты акция ұйымдастырылуда. Өткен жылы 225 жауапсыз әке жауапқа тартылған еді. Сонымен қатар, қарызын өтегенге дейін автокөліктерін айып тұрағына тоғытқан-ды.

Ал, жыл басынан бері полиция қызметкерлері өз баласына алимент төлемей жүрген 12 көкек әкені анықтаған. Оның біреуі Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласынан табылды. 52 жастағы азамат 2016 жылдан бері төбе көрсетпей жүріпті. Қаңтар айының басталғалы 61 жүргізушінің көлігі тұраққа тоғытылып, тағы 27 жауапсыз әкенің көлік жүргізу куәлігі алынған.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Сонымен қатар 35 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Ол 3 жыл бойы алимент төлеуден қашып жүрген. Қазіргі таңда қарызының барлығын өтеуіне байланысты оның ісі жабылды. Негізі бұл мәселемен жекеменшік сот орындаушылары айналысады. Ал, іс насырға шауып, табылмай жатқан кезде полиция қызметкерлері көмекке келеді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар