ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ӨЗ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

19:07, 20 қыркүйек 2019

Павлодарда полиция қызметкері өз өзіне қол жұмсап мерт болды. 1984 жылы туған азамат 19-қыркүйек күні таңғы сағатта гараж ішінде асылып тұрған жерінен тауып алған. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Марқұм, Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. Қазір сот-медициналық сараптамадан өзге полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.  Әріптестері бұл оқиғаға сенгілері жоқ. Ал, әлеуметтік желіде марқұмның жақын туысы оқиғаға қатысты құқық қорғау орган басшылығын кінәлаған. Ол бойынша да қызметтік тергеу болады, дейді полиция департаментінің басшылығы.

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Сол бойынша біздің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеріс өткізіп жатыр. Қызмет бабы бойынша тек қана жақсы айтамын мен. Біздің полиццейлер де біледі мен де жақсы білемін. Өзі де қызметке адал болатын, ешқандай қиындық көрмейтін. Әрқашан күлімдеп ойнап қызметті жақсы атқаратын.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...