ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

10:53, 3 қыркүйек 2020

Жылыту маусымы қарсаныңда, 15 тамызда Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Шараның басты мақсаты тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу.

Бұл шара республика көлемінде жүзеге асырылуда. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үй-үйді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ретте, халыққа өрт қауіпсіздігін болдырмау тақырыбы кеңінен тарқатылып, дер кезінде тиісті  шараларды қолдану шаралары да айтылды. Басты назарда әлжуаз отбасылар.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Әр үйге барып, аудан әкімдігімен білім басқармасы бөлімдері, денсаулық, әлеуметтік көмек, жергілікті полиция қызметкерлері және басқа біздің тж қызметкерлері әр бір үйге барып, үйінің өрт қауіпсіздік жағдайы және де пештің, электр сымдарының жағдайларын қарап, сондай жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұл шараға ең алдымен, көп балалы отбасылар, мүгедек,  әлжуаз жандардың қатарына кіретін 2 мың адамның жанұясы есепке алынды. Олармен өрт қауіпсіздігі шараларына байланысты жұмыстар жүргізіледі. Бұған дейін, орнатылған құрылғылардың арқасында Павлодар облысында өрттен 2 көпбалалы отбасы құтқарылды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар