ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӨРТТЕН БІР ӘЙЕЛ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

17:24, 28 маусым 2020

Күні кеше облыс орталығында бір бөлмелі пәтерде өрт шықты. Салдарынан 56 жастағы әйел ыс тиіп қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұл жайында төтенше жағдай департаментіндегі брифингте айтылды.

Апта лак пен бояулар шығаратын кәсіпорынның қоймасының отқа орануымен басталды. Тілсіз жау қойма төбесінің 200 шаршы метрден астам аумағын жалмады. Бүгінде өрттің неден болғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, бір апта ішінде ТЖД-іне өрт туралы 90-нан астам қоңырау келіп түскен. 23 өрт, 61 тұтану жағдайы орын алды. Өрт кезінде 26 адам құтқарылды. Оның 7-еуі балалар. Жалпы, 21 төтенше жағдай тіркелді. Үшеуі табиғи, 18-і техногенді.

Самат Асайынов, ТЖ департаменті бастығының орынбасары:

Кеше бізде 2,8 гектар жерде «Металлург» бау бақша аумағында өрт шықты. 2 үй өртеніп кетті. Негізі бізде 13 өрт шыққан, Мелиораторда 16, Яблонькада 14.

Жалпы, соңғы күндері саяжайларда 60 өрт оқиғасы болды. 248 саяжай учаскілері зардап шекті. Сонымен қатар, өткен түні Ломов 167 көшесіндегі бір бөлмелі пәтерде 3 шаршы метрде өрт шықты. Салдарынан 1964 жылғы үй иесі қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау отты дұрыс қолданбағаннан болған. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар