ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

21:58, 15 қыркүйек 2020

Өткен аптада Павлодар облысы бойынша 13 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, демалыс күндері бірыңғай диспетчерлік басқару пультіне 20-ға жуық қоңырау келіп түсіпті. Оның 4-і өрт, ал 18-і өртену оқиғасы. Қыркүйек айының 13-і күні Розовка ауылында газ баллон жарылып, салдарынан ағаш үйдің күл талқаны шықты. Оқиға сағат 14-38 мминутта орын алған. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды 16 сағат 37 минутта ауыздықтағын. Осы ретте өңірдегі төтеншеліктер пеш жағу, баллонды қолдану кезінде өте мұқият болуға шақырады.

Ербол Теміров, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

Павлодар ауданындағы Розовка ауылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің №3 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері аттанды. Айта кету керек, бұл өрт болған ауыл өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орынына жеткен өрт сөндірушілер оқиға орынынан сыйымдылығы 27 л газ-баллон эвакуациялады. Өрт сағат 16-37-де ауыздықталып, сағат 18:29-да толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамау болып табылады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар