ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

11:51, 18 мамыр 2020

Мамыр айының 11-мен 15 аралығында өңірде 15 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың екеуін орман жанды. Осы апта ішінде тілсіз жаудан зардап шеккен ешкім жоқ. Жыл басынан бері өрт сөндірушілер 1251 рет қызыл жалынмен бетпе-бет келген. Ал, бүгін Екібастұздық өрт сөндірушілер 60 шаршы мертді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады.

Бүгін  таңғы сағат 06:49-да Екібастұз қаласы, 23 Южный проезд,  16 үйдің шошаласы мен шатыры жанып жатқаны туралы хабар түсті. Өрттің жалпы аумағы 60 ш.м. Сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 13 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. 84 жастағы үй иесі ыс тиіп Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Өрт сағат 07:27- де толық сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Әдебиет Өтепов, Екібастұз қалалық ТЖ бөлімінің бас маманы:

Басқару пультіне ағашпен құрастырылған үйдің жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орынына жеткен соң, өртке оранған 4 бөлмелі үйдің ағаштан салынғанын анықтадық. Үй иесі 1936 жылғы әйел адам далаға өзі шыққан. Қазір ол ыс тиіп уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалын 60 шаршы метрді шарпыған.

Осы апта ішінде өрт сөндірушілер 72 рет шақыруға барған. Оның 15-і өрт оқиғасы. Қалған 39-ы тұтану фактілері. Апта басындағы алғашқы өрт оқиғасы Ақсу қаласында тіркелген. Облыс бойынша жалын ауыздықталған аумақ 5700 гектарға жуық.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...