ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ

19:18, 31 шілде 2019

31 шілдеде таңертең 8 сағат 37 минутта 112 басқару пультіне Қайырбаев көшесі 98 мекен-жайында оранласқан 6 подьезде электр бөлмесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.

Таңғы 8 сағат 50 минутта өрттің алдын алып, 09:23 минутта толықтай сөндірілді. Учаскеде 4 техника, 19 адам жұмыс істеді. Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Барлық тұрғындар эвакуацияланды.

Бағадат Айғазинов, өрт сөндіру қызметі және жедел құтқару орталығының басшысы:

Сонымен қатар, эвакуациялау кезіңде 82-ші пәтерде анасы дүкенге кетіп, 7 жастағы қызы үйде жалғыз қалғандығы анықталды. Уақытты жоғалтпай, өрт сөндірушілер Сатыбаев, Уәлиев өрт сөндіру жетекшісінің бұйрығымен осы пәтерге кіріп, қызды көрпеге орап, қолына алып, көшеге шығарып, анасына тапсырды. Осыдан кейін оларды жедел жәрдем қызметкерлері тексерістен өткізді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Валерия СТЕПЧУК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...