ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОРМАНДЫ АЛҚАП ӨРТКЕ ОРАНДЫ

09:58, 16 маусым 2020

Демалыс күндері «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағы өртке оранды. Алдын-ала болжам бойынша жалын 150 гектар жерді шарпыған. Қажетті техникамен мамандар дер кезінде жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

От «Ертіс орманына» қарасты Шалдай филиалының Галкин шаруашылығында тұтанған. Өрт болған кезде орманда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін күшті болды. Өрт орманға түскен найзағайдың салдарынан шыққан, дейді мамандар.

Самат Асайынов, облыстық ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы:

Қарағай мен қарағаш және алқаптардағы құрғақ шөп өртке оранды. Қызыл жалын 151 гектар жерді шарпыған. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап бізде жедел әрекет ету штабы жасақталды.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін қажетті техникамен өрт сөндірушілер дер кезінде жұмылдырылды. Жағдай ушығып кетпес үшін әуеге тік ұшақты да көтеруге тура келген.

Ринат Нұрғазин, «Ертіс орманы» табиғи резерваты директорының міндетін атқарушы:

Өрттің шығуы бойынша мәлімет түскеннен кейін, дер кезінде 10 өрт сөндіру автокөлігі, 51 адам, ҚазАвиа Орман қорғау мекемесінің МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды. Көмекке Шарбақты ауданының төтенше жағдай бөлімінің техникалары қосылды. Резерваттың өз күшімен уақытылы өрт тоқтатылды.

Аймағымыз бойынша демалыс күндерінің өзінде жалпы 11 жану фактісі тіркелді. Сол себепті, облысымызда өрт қауіптілігінің 5 кезеңі жарияланды. Оның 9-ы Ертіс орманында тіркелген.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар