ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Ораз Дүзденбаев үш жылға сотталды

11:38, 20 наурыз 2018

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Ораз Дүзденбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол былтыр ауыл шарушылық қызметкерлері күні қарсаңында ұсталған болатын. Оған қомақты қаржы жымқырды, субсидиялық жеңілдіктер үшін шаруа қожалық иелерінен пара алды деген айып тағылған болатын.

2017 жылдың дәл ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев қамауға алынған еді.  Оған  ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы бойынша айып тағылды. Өңірдегі шаруа қолжалықтарынан 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдік болды. Артынша Дүзденбаевты қамау мерзімі 2 айға ұзартылды. Ақыры, Павлодар қалалық №2 соты оған қатысты мынайда шешім шығарған.

Осылайша ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып қана қоймай, өмір бойы мемлекеттік қызмет ісінен де шеттетілді. Айта кетейік, Ораз Дүзденбаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласын жылға жуық уақыт басқарған болатын. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...