ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ТЖ МАМАНДАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

15:27, 26 наурыз 2018

Өңірдің төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Толассыз жауған қар салдарынан аймағымызда бірнеше бағыт бойынша жолдар жабылып, көлік қатынасы шектелді. Сала мамандары қар құрсауында қалып қойған жолаушылар жоқ екенін айтуда. Дегенмен де жол бойында төтенше жағдай департаментінің жеке құрамдары кезекшілік етуде.

Қазгидромет мәліметінше, аймағымызға тәулік бойы толассыз жауған қардың қалыңдығы 20-дан 48-см-ге дейін жеткен. Бұл бір айлық нормадан жоғары мөлшер. Табиғаттың тосын мінез танытуынан облысымызда бірнеше бағыт бойынша жолдар жабылып, тұрғындарға смс ескертпелер жіберілді.

Қазіргі күні төтенше жағдай департаментінің барлық бөлімшелері күшейтілген режімде жұмыс жасауда. Қаларалық, ауданаралық жолдар бойында жеке құрам кезекшілік етуде. Жол бойында тоқтап қалған көліктер жоқ. Ал аудан-ауылдарда жағдай бақылауда дейді мамандар.

Бүгінде қаланың коммуналдық қызметі де қарқынды жұмыс жасауда. Кешелі бері шаһарда 40 шөткелі машина, 10 құм себу көлігі және 30-дан астам қар тиегіш техника жұміс істеп, 10 мың тонна ақ ұлпа қала сыртына шығарылған. Сала мамандары, алдағы күндері өңірімізде қар жаумайтыны айтуда. Күндіз +1,2 градус жылы болса, түнде керісінше -1,-2 градус сақталмақ.

 

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...