ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚТЫ

15:35, 2 сәуір 2019

Аққулы ауданының Шарбақтыда ауылында 17 жастағы жасөспірім пневматикалық қарудан оқ атып көршісін жаралады.

Оқ 14 жастағы жеткіншектің сол жақ көзінен тиген. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының көз емдеу бөлімшесінде жатыр. Полиция бұл оқиға бойынша іс қозғап тергеу бастаған. Полицияның айтуынша, 17 жастағы колледж студенті өткен күзде көл жағасынан пневматикалық қару тауып алыпты. Қыс бойы қорада жатқан мылтықты күн жылына далаға алып шығып атып ойнаған. Сол сәттердің бірінде темір қақпаға тиіп кейін серпілген оқ, сол маңда болған 14 жастағы жеткіншектің көзіне тиген. Жарақат алған бала қазір облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық дейді. Бірақ, көздің қайта көру көрмеуі туралы болжам айтудан аулақ. Қиын жағдайға түскен ата-ана балаларының болашағына алаңдайды.   

Бақытгүл Ақубай, жарақат алған баланың анасы

Мен жұмыста болдым келсем балам үйде жоқ. Түскі кез сағат онекі мөлшері. Содан түскі обедтерін дайындап жаттым содан бала көзін басып үйге кірді. Не болды деп еді, көзіме бірдеңе кірді деді. Содан не болды деп көзін ашсам көзінен қан шығып кетіпті. Сосын шошып, 103-ке звондадым. 103-тің адамдары бес минутта келіп дереу алып кетті.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...