ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МЕКТЕП СТАДИОНЫНЫҢ ДАУЫ ШЕШІЛДІ

11:29, 20 наурыз 2020

№39 мектептің стадионының орнына құрылыс салынбайтын болды. Облыстық мамандандырылған сот осындай шешім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі мектеп стадионын жеке-меншікке жалға берген болатын. Оны алған кәсіпкер стадион орнына тұрғын үй құрылысын салмақшы болған.

Павлодар қаласындағы нөмірі 39-шы мектеп жанындағы стадионның аумағы шамамен 1 гектар. Оқушылар спорт нысанының игілігін жылдар бойы көріп келген. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың серуендейтін жеріне айналған еді. Айта кетерлігі, жер учаскесі құжат бойынша мектептің иелігінде делінген. Алайда, жергілікті әкімдік оны жекеменшік компанияға аукцион арқылы жалға берген.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Құжат жоспары бойынша бұл жер – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жер учаскесі. Сол себепті, 39-шы мектептің аумағында салынбақшы болған көпқабатты тұрғын үй заңсыз әрі талапқа сай емес. Осы жер учаскесін заңсыз бөлген тұлғаларға қатысты сот қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығарды.

Қаламыздағы белсенді топ мүшелері -  стадионнан айырылып қаламыз ба деп талай мекеме табалдырығын тоздырды. Осыған байланысты, прокурор көп қабатты ғимараттың құрылысына қарсы сотқа арыз берген. Нәтижесінде, сатып-алу келісім шарты заңсыз деп танылды. Сондай-ақ, Павлодар қаласының әкімі, жер қатынастары бөліміне және «ПВ-Атлант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарсы сотқа арыз түсірді.

Есжан Мағзұмов, облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Сот сатып-алу келісім шартын заңсыз екенін танып, прокуродың талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Берілген дәлелдердің барлығы обьективті расталды. Шыныменда, құжат бойынша ол жерде көпқабатты ғимараттың құрылысына жол берілмеу керек. Көп пәтерлі нысанның бой көтеруі –жергілікті тұрғындардың, жалпы, ауданның дамуына кері әсер тигізеді.

Тараптардың пікірлерін тыңдап, ұсынылған деректерді зерттеген судья осындай үкім шығарды. Бір жылға созылған стадионның дауында тұрғындар жеңіп шықты.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар