ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

МАРАЛ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

15:57, 15 қыркүйек 2018

Бүгін таңғы сағат 5-тің шамасында Павлодар қаласындағы жедел құтқару жасағының пультіне Қамзин көшесі 163 үйдің жанындағы жылу жүйелері құбырларының арасына жабайы жануар маралдың беймәлім себептермен қамалып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел құтқару тобы, қалалық ветеринарлық инспекциясы мен жергілікті полиция қызметкерлері шұғыл жетті.  Нәтижесінде сағат 8:20-да жануар аман-есен құтқарылды. Екі құбырдың арасында бірнеше сағат қысылып қалған марал қатты шошып қалған,-дейді құтқарушылар. Босап шыққан ол бірден қаша жөнелген. Сол кезде көше бойында тұрған ер адамды теуіп кетті.Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес,  жарақат алған азамат жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Қазір амбулаторлық ем қабылдауда. 

СЕРІК ШЕРИЯЗДАНОВ,  облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары

Маралдың мүйізінен арқанмен жіп байлап, бел жағын байлап, екі трубаның қысылып қалған жерінен алып  шықты. Әрине, марал жабайы жануар болғаннан кейін шошынып, қысылымнан шыққаннан кейін, жүгіре кетті. Тағы басқа жерге қысылып қалмасын, ұрынып қалмасын деп, ветеринарлық қызметтің мамандары  құтқарушылар, жергілікті полиция қызметкерлері оны Ворушина көшесімен, Казправды көшесіне шығып, Ертістің жағажайына шығарып салды. Ары қарай марал өзі үйренген ортаға шықты.

 

Марина САХАРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...