ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

МАЙҚАЙЫН-БАЯНАУЫЛ ТАС ЖОЛЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛДЫ

15:10, 4 сәуір 2019

Республика маңызы бар Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск тас жолының бір бөлігін су шайып кетті. Бұл бағытқа қатынайтын жол жабылды.

Құтқарушылар тәңертеннен бастап бұл жолмен жүруге тыйым салды. Майқайынан 40 шақырым жерде Бірлік ауылының маңында  су жиналып, тас жолды ағын  су шайып кеткен. Қазіргі таңда  су тасқыны қауіп төндіріп отыр. Осы уақытта  төтенше жағдайлар департаментінің мамандары  тосынан келген табиғат апатын ауыздықтауға бар күш жігерін салуда.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД-нің бірыңғай диспетчерлік  қызмет  басқармасының  бастығы
Шайылған 6 шаршы метрдей көлемі және 90-100 см. Тас жол жабық. Қазір Баянауыл ауданына Май ауданы және Қарағанды облысы арқылы баруға болады.

Орын алған оқиға орнында 20 арнайы техника, 10 камаз автокөлігі және 3 жүк тасымалдаушы техника жұмыс жасауда. Аудан әкімшілігі көлік қозғалысы бүгін қалпына келтіріледі деп сендіріп отыр.

 Әйкерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар