ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ҚОС БІРДЕЙ ЖАСӨСПІРІМ ТОҚҚА ТҮСІП, АЖАЛ ҚҰШТЫ

19:12, 17 қыркүйек 2018

Павлодардың іргесіндегі Жаңауыл елдімекенінде екі бірдей жасөспірім тоққа түсіп, ажал құшты. Қайғылы оқиға кеше түстен кейін, сағат үштер шамасында орын алған.

Алдын -ала ақпаратқа сәйкес, мына футбол алаңына келген 12 және 14 жас шамасындағы ер балалардың бірі биік қоршаудың үстіне көтеріліп, қолын жалаңаш сымға тигізген екен. Дәл сол кезде екіншісі тор қоршауды ұстап тұрған. Сол мезетте жоғары қуатты тоқтың салдарынан екеуі сол жерде жан тапсырған көрінеді. Ойын балаларын бұған не итермелегені әзірге белгісіз. Қайғылы жағдайдың мән-жайын құзырлы органдардың бірлескен арнайы комиссиясы анықтайтын болады.

ОЛЕСЯ ЕМЕЛЬЯНОВА, «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің басшысы

2004 және 2006 жылғы екі жасөспірім ойын кезінде «Солтүстік өндірістік» подстанциясының 6 киловольттық әуе электр желісінің сымына қол созған. Салдарынан, екеуі  де көз жұмды. Толық ақпарат, арнайы комиссияның шешімімен кейін белгілі болады.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар