ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН 1,5 ЖАСАР БАЛА ҚҰЛАДЫ

21:14, 19 қыркүйек 2018

Қаланың қақ ортасында жан түршігерлік оқиға! Бүгін тапа тал түсте бір бір жарым жас шамасындағы ер бала бесінші қабаттан құлап, жедел ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Сәби қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып, күресуде.

Оқыс оқиға түскі бірлер шамасында  мына бес қабатты үйдің алдында орын алған. Көшеде заңсыз сауда жасап тұрған бір топ сатушы дүкеннің төбе тұсынан тарс еткен дыбысты естіп қалған. Көзді ашып-жұмғанша, сәби асфальттың үстіне құлапты.

ВАЛЕНТИНА ИВЧЕНКО, оқиға куәгері

Ол мына жерге құлады. Мен оны бірден қолыма алуға ұмтылғанымда, жанымда тұрғандар  олай істеуге болмайтынын айтты. Жедел жәрдем алып кеткенге дейін ол тыныс алып тұрды.  

Куәгерлердің айтуынша, сәбидің қасында анасы болған. Қонақта отырған кезде, елеусіз қалған бала терезенің алдына шығып алып, жазатайым аяғы тайып кеткен көрінеді. Жедел жәрдем қызметі шұғыл жағдай жөнінде дабыл түскен бойда жеткен екен.

ОЛЬГА ВЕРБОВАЯ, жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары

Жедел жәрдем қызметі  4 минут ішінде жетті. Баланың жағдайы өте ауыр. Алғашқы көмек толықтай жасалып, облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

КТМ: Әзірге, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бала ашық ми жарақатымен  түскенін н айтады. Маңдай тұсында қанды ісіктер бар екен. Дегенмен науқастың  жағдайы бері қарайды деген үміт жоғалған жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар