ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

11:34, 16 наурыз 2020

Биылғы қыста қар жылдағы нормадан екі-үш есе артық түсті. Бұл өз кезегінде көктемде су басу қаупін тудырады. Сондықтан, ерте-жарықтан табиғаттың тосын мінезіне төтеп беретіндей қам жасау қажет. Өңірде су басу қаупі бар 31 елді-мекен бақылауға алынған. Аймақ басшысы да осыған қатысты бірқатар жиындар өткізіп, барлық жауапты органдарға тиісті тапсырмаларды жүктеп берді. Көктемгі тосын оқиғаларға қаншалықты дайынбыз?

Күн жылынып, жердің тоңы бусағанда еліміздің бірқатар аймақтарындағы секілді Павлодар облысы да әбігерге түседі. Бұл көктемгі су тасқынына деген әзірлік. Жылдағы жағдай деп бейқамдық жасауға болмайды. Өйткені, биылғы қыста қар нормадан бірнеше есе артық түсті. Бұл жағдай осыдан үш жыл бұрын, яғни 2017 жылы болған. Сол жылы көктемде естеріңізде болса, Баянауыл мен Ақтоғайдың бірқатар елді-мекендері қарғын су астында қалды. Баянауыл, Ақтоғай, Екібастұз ауылдық аймақтарында автожолдарды су шайып кетіп, адамдар ауылдан қатынай алмай қалған жағдай болды. Сондықтан, синоптиктердің ескертпесін қаперде қатаң ұстау керек. 10-наурыз күні аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов алқалы кеңес өткізіп, қала және аудан әкімдерінен қар шығару жұмыстарын күшейтуді, жолдарда жүру мүмкіндігін қамтамасыз етуді және автожолдар астындағы су өткізгіш құбырларды жедел тазалауды талап етті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Аз уақыттың ішінде аудан әкімдіктері тиісті қызмет өкілдерімен жұмыс аяқтауын тапсырамын. Ең бірінші қауіп бар аумақтарды тазалау керек. Наурыздың 25-не дейін, емес 20-на дейін орындауларыңыз керек. Атқарылған жұмыстың нәтижесін фотомен дәлелдеңіздер.

Осы жиында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына тұрғындардан арыз шағымдар түсіп жатқанын тілге тиек етті. Адамдар ауылдан облыс орталығына жете алмай жатқандарын айтқан. Біздің арнаның да желідегі парақшасына Майқайың кенті тұрғындарынан қар астында қалғандарын айтқан бейне үндеулер мен фотолар келіп жетті. Шалғайдағы ауыл тұрғындар әлі де қалың қар астында. Күн күрт жылынып, сай саланы ағыл-тегіл су басқанда бұл тұрғындардың су астында қалуы бек мүмкін. Әкімнің де қоластындағылардың құлағына құйып отырғаны осы.

Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің тұрғындары:

Жаяу Мұса көшесінде тұрамыз, қар астында жатырмыз. Иә, міне мүлде жүретін жер жоқ. Қалың қар жатыр, мына жердің бәрін қар басып жатыр. Қар ери бастады қардың суы үйдің іргесіне кеп жатыр. Акимат бәрі біледі. Погрузчиктерін жібереміз дейді, олар бір-екі сағат істейді де кетеді.

Осы секілді аймақ басшысына да өтініш тілектерін жолдап жатқан жұрт көп. Бүгінгі таңда облыс бойынша, су басу қаупі бар деген 31 елді-мекен бақылауға алынған, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. Су басу қаупі бар ауылдар екі топқа бөлінген. Қарғын судан қауіп келетін елді-мекендерге Ақтоғай ауданының екі ауылы жатады. Баянауыл ауданында екі ауылдық округты су басуы мүмкін. Және Баянауылға баратын жолдың 101 және 105 шақырымдарын жылда су жырып кетеді. Павлодар қаласында екі, Ақсуда бір, Екібастұз аймағында екі және Павлодар ауданында екі ауыл тізімде бар.

Ертіс өзені тасығанда төнер қауіп Кенжекөл мен Ленин кентіне тиесілі. Ақсу   қаласы мен Ақсу кентіде осы тізімде. Теренкөл ауданында екі ауыл қауіпті аймақта. Аққулыда аудан орталығы, Май ауданында Ақсарай мен Жаңасарай ауылдары, Павлодар ауданында бір ауылға қаіп төнеді. Ал, Сілеті өзені тасығанда Ақтоғайдың Шолақсор ауылын су басуы ықтимал. Су тасқынына бірнеше фактор тәсер етеді. Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

Ең бірінші фактор бұл ауа райының температуралық режимі. Күннің ыстығына, күннің жылулығына, салқындығына байланысты су тасқынының жағдайы соған байланысты болады. Қардың қалыңдығы оның күндіз еріп түнде қатуы немесе басқа факторлар осыған әсерін тигізеді. Ауа райының қолайлығы біздің су тасқынына қарсы жағдайдың әсерін де тигізетінін ескерту керек. Екінші фактор бұл...

Бұл көрші облыстардан келер қауіп. Әсіресе, Қарағанды облысындағы «Ақжар» тас бөгетін жарып шығатын қарғын су жылда баянауылдықтардың мазасын кетіреді. Облыс әкімі Әбілқайр Сқақов, автомобиль жолдарындағы су өткізу құрылыстарын тазалау қажеттігіне назар аударды. (Графика) Бүгінде өңірде бар 1 400-дей құбырдың үштен бір бөлігі ретке келтірілді. Су өткізу құбырларын тазалау жұмыстарын 20 наурызға дейін аяқтау тапсырылды. Мүмкін болатын тасқынды жою үшін қалалар мен аудан әкімдіктері 28 700 дана қап, 10 600 тонна инертті материал, 108 тонна ЖЖМ дайындады.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

  

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ
11:22, 2 сәуір 2020
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...