ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАСҚЫР ҚОРАДАҒЫ ҚОЙҒА ШАПТЫ

14:13, 23 қаңтар 2020

Екі күн бұрын Шарбақты ауданына қарасты Сынтас ауылында бір фермердің қорасына қасқыр түсіп, 16 бас ұсақ малды тамақтап, жарып кеткен. Жыртқыш аң бес қозы, екі қойды өлтіріп, тағы тоғыз жаралап кеткен. Әйтсе де, мал иесі қойына шапқан жыртқыштың қандай хайуан екенінен хабарсыз.

Телеграм әлеуметтік желісінде Шарбақты ауданының Ресеймен шекаралас ауылдарының бірінде қасқыр қораға түсіп қой мен қозыларды қырып кетті, деген ақпарат тарады. Біздің тілшілерге телефон арқылы зардап шеккен қожалық иесімен сөйлесудің сәті түсті. Мал иесі, қораға шапқан қандай жыртқыш екенін өз көзімен көрмегенін айтады.

Андрей Борисов, Шарбақты ауданының тұрғыны:

Бұл кешкі сағат сегіздер шамасында болды. Ұсақ малдарды қораға қамайын деп барсам, бес қозы өліп жатыр. Екі қойдың ішек қарны ақтарылған. Тағы тоғызын жаралап кетіпті. Қасқыр ма ит пе ол жағын білмеймін, өзім көрген жоқпын. Бірақ, сыртта шекара жаққа кеткен іздері жатыр. 

Соңғы кездері түз тағысының елді-мекенге еніп кету оқиғасы жиіледі. Жуырда 18-қаңтар күні тал түсте итқұс Ақсу кентіне кіріп кетті. Мамандар, оны бірден атып алды. Қазір өлексесі сараптамаға жіберілген.

Владимир Перескоков, облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:

Қасқырлардың шағылысатын уақыты жақындап келеді. Шамамен ақпанның ортасына қарай. Осы кезде үйірдегі жас арландар жұп іздеп бөлініп кетеді. Сондай-ақ жалғыз жарым кеткен жыртқыштар болмаса.

Соңғы бір аптада қар қалың түсті. Бәлкім даладан және орман тоғайдан азық таппаған түз тағысы амалсыз ауылға ауыз салған ба? Өйткені соңғы кездері қасқырға қатысты видеолар әлеуметтік желіде қаптап кетті.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар