ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАРЛЫ БОРАН БҰРҚАП ТҰР

14:22, 24 қаңтар 2020

Екібастұз қаласындағы құтқарушылар қызметіне Шідерті кентінен 20 шақырым жерде - жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған 103 көлігі туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-жәрдем көлігі уақыты жақындаған жүкті әйелді Екібастұз шаһарына жеткізуге бағыт алған болған. Алайда, жел күшейіп, боранның салдарынан автомобиль жолда тұрып қалды. Екібастұз өңірінің құтқарушылар батырмасына таңғы сағат 4те Шідерті ауылынан 20 шақырым жерде жолда қалып қойған жолаушылар туралы шұғыл хабарлама келіп түскен. Төртқұдық ауылынан жедел жәрдем көлігімен 40 апталық жүктілік мерзіміндегі әйелді Екібастұз қаласына алып бара жатқан жерінен жолда тұрып қалады. Хабарлама алысымен құтқарушылар дереу жолға шықты.

Марал Сағынаева, ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы:

Жол талғамайтын трэкл автокөлігімен жолға шықты. Сол жолға барып, әйел адамды алып, Екібастұзда күтіп тұрған медицина қызметкерлерінің қолына табыс етті. Қазіргі кезде әйел адамның жағдайы жақсы, бірақ әлі босанған жоқ. Біз бұны бақылауда ұстаймыз.

Синоптиктердің болжауы бойынша, қаңтардың 23-24-і күндері Павлодар облысында жел күшейіп, боран соғады. Соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейбір жерлерде 30 метрге дейін жетеді.

Самат Асаинов, ТЖД бастығының орынбасары:

Павлодар облысы бойынша дайылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта маңызы бар барлық республикалық бағыттағы жолдар жабылды. Жолдарда жедел әрекет ету топтары жасақталып, жұмыс істеуде. Жол полициясы мен төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Жолдардағы өткізу бөлімшелерде 120 техника жұмыс істейді. Ал автомобиль жолдарын қардау тазалауға 50ден астам техника жұмылдырылды.

Самат Асаинов, ТЖД бастығының орынбасары:

Төтенше жағдайлар департаменті, ауа райына байланысты барлық тұрғындардан алыс жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Ауа температурасын әрдайым бақылауда ұстап, мүмкіндігінше ауа райы тұрақталмайынша ешқайда шықпағандарыңыз абзал.  112 нөміріне хабарласып, бағыттардағы жолдардың ашық-жабығын білуге болады.

Сонымен қатар, қыс мезгілінде 300 ден астам техникаға қар құрсауынан босатылды. Жолда қалып қойған 144 адам құтқарылып жылыту бөлімшелеріне жеткізілді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар