ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚАРАТОМАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

10:34, 14 ақпан 2020

Баянауыл ауданында жойқын жарылыс болды. Қаратомар ауылдық округінде тұрғын үйлердің бірінде керме төбелерді орнату кезінде газ ауа қоспасының жарылысы орын алды. Қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан, бір адам мерт болып, екіншісінің денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.

Төтенше жағдай 12-ші ақпан күні кешкі сағат 17.10да орын алған. Қаратомар ауылының Абай көшесі 19 мекен жайында екі пәтерлі тұрғын үйде газ бен ауа қоспасының салдарынан жарылыс болған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы мен бір техника  жұмылдырылды. 

Оразбек Уәлиханов, ТЖД зілзалаларды азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері:

Хабарлама түскен кезде, осы өрт сөндіру бекетінің осы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің барысынан үй төбесінің құлап, соның салдарынан 1989 жылғы адамның мәйіті табылды. 

Жарылыс болған үйде 4 адам тұратын. Оқиға кезінде отағасы жұмыста болса, 2006 жылғы баласы мал жайлап жүрген екен. Ал 1967 жылғы үйдің азаматша зардап шекті. Оқиға кезінде үйдің иесі ас үйде болған екен. Қазіргі уақытта ол Баянауыл аудандық ауруханасында ем алуда.  

Оразбек Уәлиханов, ТЖД зілзалаларды азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері:

Ол кісінің екі қолы, бет, арқа күйігі жағынан 10 пайызға 2-3 дәрежелі күйік шалды. Себебін айтатын болсақ, 1989 жылғы азамат газ баллонды пештің жанында жылытқан. Сол жылытқан себебінен гүрсіл пайда болған жанусыз.

Оқиғаның мән-жәйін білу мақсатында, біз Бянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімі Ардақ Кісентаевқа телефон соқтық.  

Ардақ Кісентаев, Қаратомар ауылдық округінің әкімі:

Төтенше жағдай орын үйдің жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайды. Жақимановтар отбасы үйде жөндеу жұмыстарын жасау және керме төбелерді  орнату үшін арнайы бригада жұмысшыларын жалдаған. Олар жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан осындай жарылыс болды. Көрші үйдің де жағдайы мәз емес. Қабырғалары құлағалы тұр. Сол себепті, оларға демеушілердің көмегімен баспана берілді. Мүмкіндігінше жиһаздармен заттар үйден шығарылды. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.

Денесін күйік шалған 1967 жылғы әйел адамның жолдасы Мыңбай Жақимановқа хабарластық. Отағасының айтуынша, қазіргі уақытта жұбайының қал-жағдайы бірқалыпты. Жарылыс болған үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жақимановтар отбасына тұратын уақытша тұрғын үй ұсынылды. Олардың көршілері Вахремеевтер отбасының үйі де зардап шекті. Жергілікті кәсіпкер оларға баспана беріпті. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен полиция мамандары жұмыс істеуде. Қаратомар ауылдық округінің тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылдықтар да қолдарынан келгенше қол ұшын созуда.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫСШЫ КОМБАЙННЫҢ АСТЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ
21:54, 15 қыркүйек 2020
ЖҰМЫСШЫ КОМБАЙННЫҢ АСТЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...