ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚАЛАШЫҚТА ҚАҢҒЫҒАН ҚАСҚЫР

14:07, 21 қаңтар 2020

Қалашықта қасқыр қайдан жүр? 18-қаңтар күні түске қарай Ақсу кентінің тұрғындары дабыл қақты. Өйткені, елді мекенге түз тағысы еніп кеткен. Абырой болғанда көше кезіп жүрген жыртқыш аң ешкімге шабуылдамаған. Тиісті орган мамандары қасқырды атып алды.

Әлеуметтік желіде жүрген мына видеодан байқағанымыздай қасқыр көп қабатты тұрғын үйдің жанында ешкімнен жасқанбай, емін-еркін серуендеп жүр. Маңайындағы шу мен адамдардан ығатын түр байқатпайды. Осыған қарап, түз тағысының қолдағы асыранды немесе ауру екеніне болжам айтылады. Әйтсе де, оның барлығы тиісті сараптамадан кейін белгілі болады.

Владимир Перескоков, облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:

Видеодан көргеніміздей, жанынан сөмкесі бар әйел адам өтіп бара жатса, қасқыр сескенбей қарап тұр. Бұл енді қасқырға тән мінез емес. Шамасы оны узақ уақыт қолда ұстаған болуы керек. Оны сараптама анықтайтын болады. Жыртқыштың өлексесі сараптамаға жіберілді. Жеген тамағын тексеретін болады.  

Көше кезіп жүрген қасқырды көрген Ақсу кентінің тұрғындары дереу тиісті органдарға хабар берген. Оқиға орнына жеткен табиғат қорғау полициясы мен орман шаруашылығының мамандары қасқырды бірден атып тастаған. Бұл туралы да видео әлеуметтік желілерде кезіп жүр. Ал, қасқырды аштықтан ауылға кіріп кетті, деген болжамды мамандар мүлде жоққа шығарады.

Владимир Перескоков, облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:

Жоқ, жоқ қасқырлар аш емес. Біріншіден қырда қар қалың әрі жұмсақ. Бұл қасқырдың елік ұстап жеуіне өте ыңғайлы. Елік олардың қазір негізгі қорегі ғой. Қазір шағылысардың алдында үйірімен бұланға да шабуыл жасайды.

Ақпан айының ортасына қарай қасқырлар шағылысады. Осы ретте өзіне серік іздеген жас итқұс, саяқтанып үйірден бөлініп кетеді. Әйтсе де мамандар, жабайы жыртқыштың елді мекенге еніп кетуін түсіне алар емес. Ендеше, қолда ұстап отырған қасқыр болуы мүмкін деген болжам шындыққа саяды. Әлеуметтік желіде Павлодар облысында тағы үш қасқырдың өлексесі анықталғаны туралы видео кезіп жүр. Ол туралы мамандар нақты ақпарат берген жоқ.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар