Қаламызда адам өміріне қауіп төндіретін тұрғын үйлер бар

Қаламызда адам өміріне қауіп төндіретін тұрғын үйлер бар. Әлбетте, қатер ғимараттан емес, онда тұратын адамдардың өздерінен келеді. Мәселен, Академик Бектұров көшесі 109 мекенжайындағы көпқабатты үй, өрт сөндірушілердің «қара тізіміне» ілінген. Сол себепті құтқарушылар, бұл жерде өрттен сақтандыру бойынша рейд өткізді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

17:15, 15 ақпан 2017   151

Жақында ғана осы үйдегі бір пәтерде өрт болып ерлі зайыпты екі адам қайтыс болғанын бұған дейін де айтқанбыз. Сондықтан да өрт сөндірушілер мұнда ауық-ауық ескертпе шараларын өткізіп тұруды жөн көрген. Өйткені, бұл тұрғын үйде тұратындардың дені жұмыссыздар және кім көрінгеннің бас сұғар орнына айналған.       

Төтенше жағдайларды былай қойғанда жын ойнақ ордасына айналған тұрғын үйде қылмыстық оқиғаларда жиі болып тұратыны жасырын емес. 

Бұл кезінде жергілікті әкімдіктің қарамағындағы жатақхана болатын. Кейін тұрғындар жекешелендіріп алды да өз беттерінше бөлмелер жасап алған. Екі адам қатар өте алмайтын дәліздер оқыс оқиға кезінде қиындық тудырады.      

Жылу маусымы басталғалы бері Павлодар облысында 122 өрт болып, 15 миллионнан артық теңгенің материалдық шығынын әкелген. Осы өрттерден 12 адам қайтыс болды. Оның екеуі бала.   

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26