ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ҚАҚПАНЫ ҚҰЛАТЫП КЕТТІ

19:07, 26 қараша 2019

Павлодар ауданына қарасты Чернорецк ауылына кіре берістегі алып қақпаның бір бөлігін көмір тиелген «КАМАЗ» көлігі құлатып кетті. Полиция департаментінің хабарлауынша, 34 жастағы ауыл тұрғыны көлікті басқара алмай қалған.

Сараптама қорытындысы жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсеткен. Оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ. Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Барлық материалдар сотқа жіберілді. Биіктігі 4,5 метр қақпа 1970 жылдары орнатылған. Ал 2007 жылы қызыл кірпішпен қайта қапталған. Кейіннен жөңдеу жұмыстары да жүргізілген. Келтірілген залал 2 мле теңгеден асып түседі. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі шығынды өтеуге міндеттеледі.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...