ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ИТТІҢ КӨМЕГІМЕН ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

18:59, 21 тамыз 2019

Аққулы ауданының орталығында полиция төрт аяқты көмекшісінің арқасында қылмыстың бетін ашылды. Жергілікті тұрғынның үйінен 50 мың теңге жоғалып кеткен. Бэтти есімді қызметтік-іздестіру иті ақша ұрлаған күдіктіні ізін суытпай тауып алды.

Ақшасы жоғалған әйел бірден полиция бөліміне қоңырау шалған. Шақырту орнына кіші сержант Жұмажан Құнанбаев пен қызметтік ит Бэтти келген. Ит болса, полиция қызметкерін күдіктінің үйіне алып келіп, сол жерден ақшаны тапқан.

Сәуле Мусина, облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

Ұрлық жасады деген күдікпен осы ауылдың 23 жасар тұрғыны анықталды, аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Ит – қылмыс ашу кезіндегі полиция қызметкерінің ең жақсы көмекшісі. Депратаментке қарасты орталықтарда осындай батыл да иісшіл иттер көптеп өсіп келеді. Күн сайын олармен кинологтардың қарауында болады. Олардың кейбірі Бэтти сияқты аудандарға қызметке жіберіледі.

Дархан Қасенов, полиция инспекторы, кинолог:

Олар бастапқыда оқыту курсынан өтті: отыру, жүгіру, тұру, жүру. Бэтти есімді қызметтік ит холерик типіндегі ит. Бақс иттерге қарағанда бәрін жақсы түсінеді. Оның иесі полиция  кіші сержанты Құнанбаев. Сабақ кезінде ол қызметтік ит ретінде дайындаған, қосымша да жұмыс атқарған.

Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 160 қылмыс ашылған.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...