ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ІРІ ЕСІРТКІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

13:02, 14 қаңтар 2020

Павлодарда ірі көлемді есірткі тәркіленді.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше,  41 жастағы павлодарлық азамат өзінің үйінде аса ірі көлемде психотропты заттарды заңсыз сақтап, жасаумен айналысқан. Павлодар қаласының тұрғыны есірткіні полиэтиленді қалталарда сатып, жүзеге асырған. Ұсталған азамат осыған дейін де істі болған екен. 41 жастағы тұрғынның үйінде әрқайсының салмағы 200 грамм болатын 96 полиэтиленді түйіншек  табылған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, тәркіленген қалталар «альфа-пировалерон» деген психотропты зат екені анықталды.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек ұсталған азаматтың үйінен электронды өлшеуіш құрал, оқшаулағыш таспа және қаптауға арналған полиэтиленді материалдарды тәркіледі. Аталмыш факті бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі сот амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Айта кетерлігі, павлодарлық полицейлер 2020 жылдың басынан бастап есірткі қылмысы бойынша 16 фактіні тіркеген. Тәртіп сақшылары түрлі есірткі заттарын ұсынатын ғаламтор сайттарынан сақ болуды сұрайды. Себебі, қазіргі уақытта синтетикалық есірткі ұсынушылардың жарнамалары аз емес. Сондықтан, балаларға денсаулыққа зиян улы дәрілер жайлы түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу қажет.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...