
Екібастұз қаласының Абай көшесінде баяу жүріп келе жатқан 45-50 жас шамасындағы ер адам инсульт алып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда ешбір құжатсыз болған науқастың жақындары іздестіріліп жатыр.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 2021 жылғы 12 қаңтарда Екібастұз қаласының патрульдері Абай көшесінде баяу жүріп келе жатқан 45-50 жас шамасындағы ер адамды байқаған. Өзін нашар сезінген тұрғынды көрген полиция қызметкерлері жедел-жәрдем шақыртыпты. Науқас ауруханаға «инсульт» диагнозымен жатқызылды. Ер адамның өзімен бірге құжаттары болмаған. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Егер танып жатсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Аяулым РАХЫМЖАНОВА