ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕСТЕН АЙЫРАР ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНЕ ТЕКСЕРУ

11:12, 28 қаңтар 2020

Павлодарда адам өміріне қауіп төндіретін «Снюс» темекі өнімдерін сататын сауда орындарына мониторинг жасау жұмыстары басталды.

Арнайы нұсқаулықты өткеннен кейін мамандар мониторинг жасауға кірісті. Басты мақсат, кәсіпкерлерді «Снюс» темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғандығын ескерту.

Олжас Өтепов, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Снюстер анықталған жағдайда, біз қаулы беріп, кәсіпкерді қазір 12 желтоқсаннан бастап оларды саудаламау үшін, снюстерге тыйым салу туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шыққаны туралы хабардар ететін боламыз. Егер бұл снюстерді жаппай сату пайда болса, онда біз тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне Бас прокуратурамен бірге хат жазамыз. Біз тексеруді ашамыз. Сондай-ақ олар заң бойынша жазаланатын болады.

Шараға құқық қорғау саласының мамандары мен қоғам белсенділері жұмылдырылған. Мұндай даулы мәселе ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.

Олжас Өтепов, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Әкелуге, сатуға, өндіруге тыйым салынады. Сондықтан сіз білесіз. Егер сізге осы снустың дистрибьюторлары келсе, яғни компаниялар әр түрлі, сондықтан есіңізде сақтаңцз. Мұндай заттарды сатып алмаңыз. Мұны сатқан, пайдаланған адамдар заң жүзінде жауап береді. «Снус» деп аталады. Сізге күдік тудыратын заттар әкелсе бірден бас тартыңыз.   

Бибігүл Қамзина, жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Біздің мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізген мониторингіміз арқылы, бұл мәселе біздің қалада немесе облыста ғана емес, барлық жерде көтеріліп, зиянды заттарға тыйым салу туралы мәселе қойылуы тиіс екендігін көрсеткіміз келеді.

Қазіргі таңда снюс мәселелі өршіп тұр. Қала тұрғындарымен сөйлесе келе біздің түсірілім тобымыз снюсқа әсіресе мектеп оқушыларының ата-аналары қарсы екендігіне көз жеткізді.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Снюстың адам ағзасына тигізер залалы көп. Мұны сала мамандары дәлелдеп, дабыл қағып жүр. Снюстың бір қорабындағы никотин мөлшері бір бума темекі құрамындағы никотинмен пара-пар. Сондықтан барлықтарыңды барынша абай болуға шақырамыз.

Мониторинг ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің бастамасымен ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар бүгінде бүкіл ел бойынша өткізілуде.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар