ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ЕРТІСТІ ЖҮЗІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

11:18, 19 маусым 2018

Ағашқа жабысып, Ертісті мас күйде жүзіп өтпек болды. Павлодарда 23 жастағы жігіт полицейлердің арқасында өлімнен аман қалды. Ащы суға тойып алған ол Ертістің ағысы қатты тұсынан жүзіп өтпек болады. Алайда, бұл «ерлігінің» соңы өкінішке әкеп соқтыратынын білмесе керек. Толығырақ тілшіміздің материалында.

Достармен болған сауықтың соңы Александр үшін қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді. Ертісті ағашқа асылып, жүзіп өтпек болған ол қатты ағысқа тап боларын білмегенін айтады. Санасының тұмшалануына ащы судың да әсері болғанын мойындайды. 

АЛЕКСАНДР

Сол күні демалу үшін Ертістің ар жағалауын өттік. Көңіл көтеру үшін кішкене ішкеніміз де бар. Қайтарда мен достарымнан көз жазып қалдым. Содан Ертісті жүзіп өтпек болдым. Ағашқа асылып, ақырындап малти бастадым. Алайда, судың ортасында қатты ағыс пайда болып, мен бата бастадым. Алайда, сол маңайда мені су полициясы байқап, құтқарып алды.

Жазда осы тектес ұсақ заң бұзушылықтар көбейеді. Әсіресе, адамдар мас күйде суға түсудің қауіпті екенін түсінбейді,- дейді тәртіп сақшылары. Жыл сайын Қазақстан бойынша жүздеген адам суға батып, ажал құшады. Заңсыз балық аулаушылық пен осындай заң бұзушылықтармен күресу үшін Павлодарда су полициясы құрылған болатын.

АРМАН КАПТАЕВ, Павлодар қалалық ІІБ ЖПҚ бастығы

Су полициясы павлодарлықтарға рұқсат етілген қауіпсіз жерлерде ғана суға түсуге болатынын ескертуде. Ал өзен маңында ішімдік ішіп, суға түскендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  

 

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар