ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЕКІ ҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНА ЖАНДЫ

19:20, 24 қыркүйек 2019

Кеше кешкісін 1 мамыр көшесіндегі жатақхана үлгідегі екі қабатты үй отқа оранды. Тілсіз жау ғимараттың екінші қабатын шарпыған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, ешкім жапа шеккен жоқ.

Кенеттен басталған өрт жеке меншік үйдің екінші қабатынан басталған.  Үй тұрғындары көк түтінді байқай салысымен сыртқа қарай ұмтылады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жеткен.     

Бақытнұр Бейсенбайқызы, тілші:

1 Мамыр 204 мекенжайында үлкен өрт оқиғасы орын алды. Кешкі сағат 6 лар шамасында  жатақханадан шыққан қызыл жалын туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 5 өрт сөндіру көлігімен 30 ға жуық маман жұмылдырылды. 2 сағатқа созылған өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Қазіргі таңда 200 шаршы метр жер өртенді деген болжам бар.

Өрттің шығу себебі мен келген шығын арнайы тексеруден кейін белгілі болады. Бір қуантарлығы адамдардың денсаулығына зиян келген жоқ. Жатақхана үлгідегі екі қабатты ғимаратты иесі пәтер жалдаушыларға жалға беріп келген. Мұнда оншақты отбасы тұрады.         

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...