ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕКІ БАЛА УЛАНЫП ҚАЛДЫ

20:03, 19 желтоқсан 2019

17-ші желтоқсан күні Ленин кентінде екі бала ыс тиіп уланып қалған. Бақытқа қарай балалар аман, олардың денсаулығы жақсарып келеді. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары өткізген өртке қарсы жиында белгілі болды.

Ленин кентіндегі ата-әжесіне қонаққа барған екі бала пештен шыққан ысқа уланып, ауруханаға түскен. Ал, үй иесі болса пешін қысқа мейілінше әзірлемепті.  

Ренат Валишанов, қалалық ТЖБ бастығы:

Балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Орташа ауыр уланған. Бүгін ертеңдері ауруханадан шығады. Әйтсе де, айғақ айғақ боп қалады. Үй иесі пешін қысқа дұрыс дайындамағандықтан улы газ тараған.

Бұдан өзге қысқы жылыту маусымы басталғалы бері қала аумағында 17 өрт оқиғасы орын алған. Көбінесе төтенше жағдайлар от жағатын жер үйлер секторында кездеседі. Өртке қарсы атқарылып жатқан түрлі ақпараттық алдын алу шараларына қарамастан өрт оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Соңғы кезде балкондарда тұтану оқиғасы көбейіп барады.

Ренат Валишанов, қалалық ТЖБ бастығы:

Сонымен қатар, бізде балкондағы дүние мүліктердің жануы артып кетті. Жақында ғана Малайсары көшесінде бір балконда өрт болып, көршілердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында пәтердегі балалар құтқарылды.     

Жаңа жыл жақындаған сайын қауіп те арта түседі. Өйткені, кейінгі кезде адамдар пиротехникалық өнімдерді балконда қолданатын болған. Бұл жағдай сол адамдардың өздерін айтпағанда айналадағы көршілеріне кері әсері мен қауіпті төндіреді. Сол себепті мамандар жаңа жыл түні балконда тұрып от шашу атпауға кеңес береді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар