ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

13:07, 19 мамыр 2020

Өткен демалыс күндері Павлодар облысында екі адам суға батып кетті. Құтқарушылар суға шомылу маусымы әлі ашылмады, деп дабыл қаққанмен, алғашқы қайғылы деректер тіркеліп үлгерді.

Қазіргі таңда Ертіс өзеніне табиғи су жіберілуде, сондықтан бұл кезеңде шомылу өте қауіпті. Құтқарушылар суға түсіп, күнге қыздырынуға асыққан тұрғындарға шыдамдылық танытуға кеңес берді. Дегенмен, ескертулерге құлақ аспайтындар да көп. Өткен демалыс күндері облыста екі жазатайым оқиға орын алды.

Самат Асайынов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Алғашқы жағдай Павлодар қаласындағы орталық жағалауда орын алды. 1964 жылғы ер адам батып кетті. Ер адам жағада жалғыз болған, киімдерінің арасында басталған бір шөлмек алкогольді  ішімдік болған. Екінші жағдай 1975 жылғы ер адам Ертіс ауданында батып кетті. Ол да ішімдік ішкен.  Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдай мамандары тұрғындарды немқұрайлы болмауға шақырды. Себебі, жағалаудағы бір ескерту мен бір қоңырау арқылы бір адамның өмірін сақтап қалуға болады. Ал, тыйым салынған аумақта шомылғандар заңға сәйкес жазаға тартылады.  Одан бөлек, шомылу үшін су деңгейі де әлі бірқалыпты емес. 

Самат Асайынов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазіргі таңда су өз деңгейіне түсуде. Оңтүстік бөлік пен Павлодар қаласында судың түскенін байқадық. Алайда, солтүстік  аумақтарда Тереңкөл, Железин аудандарында су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Осылайша, мамырдың соңына дейін өзен суы өз деңгейіне түсуі тиіс. Одан кейін мамандар 17 коммуналдық жағажайды тексеруді бастайды. Ал, суға шомылу науқаны 1 маусымда ашылады деп жоспарлануда.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...