ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН БІРГЕ ТҮНГІ КЛУБТАРҒА РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

17:50, 16 сәуір 2018

Тәртіп сақшылары Павлодардың түнгі өмірін бақылауға алды. Полицейлердің назарына төрт бірдей көңіл көтеру орны ілікті. Айта кетері, ойын-сайық кешендерінен кәмелетке толмаған балалар табылмады. Десе де, төрт жеткіншек түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені анықталды. Рейдке жергілікті полиция қызметі мен халық қалаулылары қатысты.

САЛТАНАТ НЫСАНБЕК, тілші

Жасы 18 келмеген, алайда уақытын сауық-сайран құрумен өткізіп жүрген жасөспірімдердің жолы кесілді. Бүгін тәртіп сақшылар мен қалалық мәслихат депутаттары түнгі клубтарды жағалап жүрген жастарды анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізді. Жасөспірім шарасының басты мақсаты – кәмілетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау.          

Алдымен полицейлер мен депутаттар «Barhat lounge bar»-ға барды. Демалыс кешенінің күзетшілері рейд ұйымдастырушыларды кіргізбей, біраз әуреге салды. Бір қызығы, барда бір де бір жігіт табылмады. Қаптаған қыздар. Тексеріс кезінде жастардың алкогольді ішімдік ішпейтіні анықталды. Бірақ бұл көзбояушылық сынды, -дейді сақшылар. Ал бұл «Meet point» түнгі клубы. Мұнда да адам аз. Сақшылардың назарына кәмілетке толмаған жастар ілінбеді. Ал, «Camelot» лаундж барының кіреберісінде түн ауа мына жігіт кездесті. Анықталғандай, оның жасы 15-те, сондықтан бар күзеті оны кіргізбеген. Полицейлердің сөзінше, бала ата-анасынан көрші үйдегі досына барам деп сұранған. Ата-анасына әкімшілік кодекстің 242 бабы 2 бөлімі бойынша хаттама толтырылды.     

АРМАН ҚАПТАЕВ, Павлодар қаласы Жергілікті полиция қызметінің басшысы

Ескерту жасалынады, заңды өкілдеріне сол балалардың заңды өкілдеріне. Және де сол администрацияларға әкімшілік сотпен айыппұл салынады. Оның мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіштен бастап 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін қолданылады.

Полицейлер мұндай рейдтерді жиі өткізетінін айтады. Жедел-алдын алу шаралары, әсіресе жұма, сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылады. Рейдке қалалық мәслихат депутаттары да белсене қатысуда.

АЗАМАТ СМАҒҰЛОВ, Павлодар қалалық мәслихаттың депутаты
Менің ойымша, түнгі уақытта кәмілетке толмағандардың үйден тыс жерде болуының қаупі мектеп пен колледждерде түсіндірілуі тиіс. Және ең бастысы, ата-аналар да өз тарапынан балаларына айтып түсіндіруі тиіс. Қайткенмен де өз бауыр еті балалары емес пе.  

«Жасөспірім» шарасы сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін жүргізілді. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары үйден тыс жерде болған төрт баланы анықтаған. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, рейд, қылмыс, полиция, 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
12:47, 12 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНДА  ПЕДОФИЛГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ  ШЫҚТЫ
12:22, 8 қараша 2018
ПАВЛОДАРДА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ...
Толығырақ...
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЕР АДАМ   КОЛОНИЯДАН   ҚАШЫП КЕТТІ
12:15, 8 қараша 2018
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЕР АДАМ КОЛОНИЯДАН ҚАШЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...