ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Дау-жанжалдың соңы атыспен аяқталды

17:06, 10 қаңтар 2017

Павлодар қаласындағы Толстой және бірінші май көше қиылысындағы бизнес-орталықтың алдында орын алған атыстың себептері белгілі болды. Анықталғандай, екі азамат автотұраққа таласып, сыйыспай қалған. Дау-жанжалдың соңы атыспен аяқталды.

Павлодар қаласының 33 жасар тұрғыны бүгінде нөмірі бірінші ауруханада. Оның өміріне еш қауіп жоқ. Оның айтуынша, ол Лексус маркалы көліктің жүргізушісі екеуі ұзақ уақыт бойы темір тұлпарларын автотұраққа қоя алмаған. Сөзге келісе алмағандықтан, Лексус көлігінің жүргізушісі екі мәрте оқ атқан. Бір рет бетін, кейін арқасын жарақаттаған. Бұдан соң темір тұлпарына отырып, үшті-күйлі жоқ болады. 

Облыстық ішкі істер департаменті мамандарымен бірден бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәселенің мән-жайын анықтау үшін күдікті мен көлігі іздестіріледі. Іздеу жұмыстарына Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ Алтай мен Омбы өңірлерінің тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Шұғыл жүргізілген шаралар нәтижесін берді. Қазіргі кезде атысқа қатысы бар деген екі күдікті ұсталып отыр. Лексус маркалы көлік пен қару тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕПУТАТТАР ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН БІРГЕ ТҮНГІ КЛУБТАРҒА РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ
17:50, 16 сәуір 2018
ДЕПУТАТТАР ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН БІРГЕ ТҮНГІ КЛУБТАРҒА РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ТЖ МАМАНДАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
15:27, 26 наурыз 2018
ӨҢІРДІҢ ТЖ МАМАНДАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...