ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

11:54, 18 мамыр 2020

Мамырдың 10-шы жұлдызында басталған «Уылдырық» операциясы аясында Ертіс ауданының полицейлері заңсыз балық аулап жүрген браконьерді ұстады. Тексеріс барысында, балықшыдан жалпы салмағы 5 келіге жуық 19 бекіре тұқымдас сүйрік балық анықталды. Айғақ затпен қатар, оның барлық құрал-жабдықтары мен мотоциклі тәркіленді, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық кодекстің 335 бабы, 3 бөлімі, 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, дәл сол күні Павлодар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жабайы құстарды атып, аң аулау ережелерін бұзған облыс орталығының 46 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Олардан  1 ақ мамықты қаз бен 2 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік кодекстің 382-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен екеуіне де 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта аң атып балық аулауға тыйым салынған кез. Сондықтан, сала мамандары тұрғындарға өз-өздерін қылмысқа итермелемеуге кеңес береді.

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...