ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БОЯУЛАР САҚТАЛҒАН ҚОЙМА ӨРТЕНДІ

14:22, 23 маусым 2020

Павлодарда лак пен бояулар шығаратын кәсіпорынның қоймасы отқа оранды. Тілсіз жау қойманың 200 шаршы метр төбесін жалмады. Абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Өрт таңғы сағат ондар шамасында болған. Тілсіз жау лак пен бояулар шығаратын өндіріс қоймасының төбесінен басталған. Өрт сөндіруге ауа райы қолайсыздық тудырды.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Қойманың төқбесі мен шатырының ортасындағы ағаш қондырғылар жанып жатыр. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні қаттырақ. Осы жел өртті өшіруге кері әсерін тигізіп тұр. Қосымша күште келіп жатыр.   

Жалынды өшіруге өрт сөндіру қызметінің алты техникасы мен жеке құрамның 24 маманы жұмылдырылды. Қойма темір мен бетоннан жасалғандықтан от ішіндегі лак пен бояу бұйымдарына тие қойған жоқ, дейді өрт сөндірушілер.

Рустам Жанас, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары:

Өрт екінші деңгейлі деп есептеледі. Оттың жақын маңдағы басқа қоймаларға шауып кету қаупі төнді. Өйткені, жел қатты болды. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында ушыққан жағдай болған жоқ. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Қойманың 200 шаршы метр төбесі жанып кетті. Өрт сөндірушілерге алдымен шатырды жұлып алып су шашуға тура келді. Түс қайта тілсіз жау толық ауыздықталды. Оттың шығу себеп салдары мен келтірілген шығынды арнайы комиссия анықтайтын болады. 

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар