ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

БОРАННЫҢ САЛДАРЫ

11:25, 20 қаңтар 2020

Соңғы екі күнде еліміздің солтүстік аймақтары ақ тұтек боранның құрсауында қалды.

Ауа райының күрделенуіне байланыста өңірде бірқатар бағыттар бойынша жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті адамдарға алыс жолға шықпауға кеңес берсе, ауа райын болжау орталығы боран ертең таңға қарай тоқтайды деп болжам айтады.16-қаңтардан бері Павлодар облысының аумағында тас жолдар жабылды. Кеше кешкі сағат 20:35-тен бастап Нұр-Сұлтан-Ерментау-Шідерті бағытындағы күре жолда көлік қозғалысына шектеу қойылса, түнгі онбір жарымнан бастап Қызылорда-Павлодар тас жолы тас бекітілді. Ал, бүгін түстен кейін барлық бағыттағы жолдар жабылды. Жолда қалған көліктерде зардап шеккен адамдар жоқ.

Ерлан Қасымов, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

Жолдардың жабылуына байланысты жолда қалған автокөліктер жоқ, барлық көліктер Шідерті ауылының маңында тұр. Жолда тұрған адамдар арасында адамдар шығыны жоқ, денсаулықтарына зиян келген жоқ, адамдардан ешқандай шағым түсіп жатқан жоқ. Қажеттілігіне байланысты біз оларды жылыту пунктіне ауыстырамыз. 

Бүгін ақ түтек боранға байланысты Екібастұз қаласы мен Аққулы және Баянауыл аудандарында бастауыш сыныптарына сабақ болған жоқ. Ауа райын болжау орталығының мамандары қарлы боран ертең таңға қарай тоқтайды деп отыр. Әйтсе де, қар жауып ауа райы құбылмалы болады.    

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар