ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

БИІКТЕН ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ

10:59, 6 ақпан 2020

Өңірдегі ірі кәсіпорынның бірінде 30 жастағы жұмысшы биіктен құлап кетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жас жігіттің ажал құшқанын анықтаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын-ала болжам бойынша Электролиз зауытында цех операторы болып қызмет атқарған 30 жастағы жұмысшы 12 метр биіктіктен құлаған. Оқыс оқиғаның мән жайы арнайы тексеруден кейін белгілі болады.  

Абылай Сабыров, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы:

Бүгін таңғы сағат аатыда Қазақстан электролиз зауытында  өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Оператор 12 метр биіктіктен құлап, өліммен аяқталды осы жазатайым оқиға. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Тергеу аяқталған соң оқиғаны мән-жайы толық анық болады.

Мақпал Қаржаубай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп жетті. Бриғада қызметкерлерімен ер адамның биологиялық өлімі фактісі тіркелді. Алған жарақаттар өмірімен сәйкес келмейді. Ер адам 1990 жылғы. Азияттық түр келбетті.

Әзірге ешқандай толық ақпарат жоқ. Былтырғы жылы 111 жазатайым оқиға орын алған. Оның 10-ы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл деректердің барлығы өндірістік орындармен тікелей байланысты болып отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар