ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

БЕС КҮНДЕ ОН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

20:26, 11 сәуір 2019

5-мен 10-шы сәуір аралығында өткізілген «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғындардан 10 дана суық қару тәркіленді. Олардың ішінде заңсыз сақталған атыс қарулары да бар.

Мәселен, Май ауданының Майтүбек ауылында бір тұрғынның қорасынан 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылған. Қару иесі оны заңсыз сақтап келіпті. Екібастұз қаласында да осындай жағдай орын алған. Бұдан басқа, бес күндік іс шара барысында полицейлер жалпы саны 10 қаруды тәркілеген.

Жанна Біләлова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі

Майтүбек ауылының 28- жастағы тұрғыннан 16 калибрлі, тегіс ұңғылы заңсыз сақталынған қару тіркелініп алынды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласынның 38 жастағы тұрғынынан 5 оқ-дәрісі бар 12 калибрлі құжаты жоқ қару алынды. Құқық бұзушы тұлғаларға 484- бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке жүктелді.

Сонымен қатар, қаруды сақтау және қайта тіркеу тәртібін бұзған 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. қазір, тәркіленіп алынған қару-жарақтар бойынша сараптамалар тағайындалды.

 

Малика АХМЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

МАЙҚАЙЫН-БАЯНАУЫЛ ТАС ЖОЛЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛДЫ
15:10, 4 сәуір 2019
МАЙҚАЙЫН-БАЯНАУЫЛ ТАС ЖОЛЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар