ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАЯНАУЫЛДА ӨРТ ШЫҚТЫ

16:40, 23 қыркүйек 2019

Баянауыл ауданында кеше алапат өрт шықты. Бес ауылдың аумағы отқа оранды. Жалын шарпыған аумақтың қазіргі көлемі жүз гектарға жуықтайды. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндірушілер мен еріктілерді қосқанда барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Қазір үш ауылдың аумағындағы өрт толықтай өшірілген. Өрт салдарынан қаза болған немесе зардап шеккендер жоқ.

Жер кеуіп, күз келісімен тілсіз жау тағы әдетіне басты. Қыркүйектің 22-сі күні түскі уақытта аудандық өртке қарсы қызмет басқару пультіне Баянауыл мемлекеттік табиғы ұлттық паркінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі. Жалпы отқа оранған аумақ 93 гектар. Қазіргі уақытта оқиға орнында 138 адам мен 40-қа жуық өрт сөндіру техникасы жұмыс жасауда. Олардың 43-і құтқару қызметі мамандары. Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы «Казавиаспас» компаниясының МИ-171 тік ұшаға арнайы шақырылған. Себебі тау үстіндегі жалынды ауыздықтауға қарапайым техника қауқарсыз. Сондай-ақ, Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өрт сөндіруге қарсы арнайы штаб құрылып, сұрапыл жалынның шығу себебін анықтауда. Мамандардың айтуынша, өрт оқиғасының орын алуына таулы аймақтағы ауа температурасының жоғарылауы мен жылдамдығы секундына 20-24 метрдің құрайтын қатты жел себеп болуы мүмкін. Бұл әншейін болжам ғана.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

Өрттің өршуіне ықпалын тигізген бірінші ауа райының 29-30 градус ыстық болуы және желдің ұйытқуы 20-24 метр секунд соның ұйытқуы кесірінен дала да болсын орманда болсын өршуі орын алды.

Кешеден бері қызыл жалынмен күресуге 120-дан астам техника мен еріктілермен қоса 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда өртке оранған 5 аймақтың 3-і ауыздықталды. Алдағы уақытта іс насырға шабатын болса МИ-8 тікұшағын пайдалану жоспарланып отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...